Атырауда көлік полицейлері Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде әтір дүкенін тонады деген күдікпен 3 адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Көліктегі полиция департаментінің дерегінше, Атырау теміржол вокзалына Алматыдан қосымша жолаушылар пойызы жеткен. Тексеріс барысында көлік полицейлері 3 жолаушыдан қымбат әтірдің 30 құтысы мен сәндік косметиканы тапқан.
Күдіктілер 5 қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде Алматыдағы әтір дүкенінің бірін тонағанын айтқан.
"Бұл факті бойынша Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, яғни қызметтік ғимаратқа заңсыз кіру дерегі бойынша", - деп жазылған хабарламада.