Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің отбасыларына үй беріледі

1153

Қос учаскелік инспектор "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге косқан үлесі үшін" медальдарымен марапатталды.  

Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің отбасыларына үй беріледі

ҚР Ішкі істер министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев қаза болған полиция қызметкерлері Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz

ІІМ басшылығы, ішкі істер органдарының жеке құрамы атынан қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй береді. Сонымен қатар Ішкі істер министрінің бұйрығымен тәртіп пен заңдылықты соңына дейін күзеткен учаскелік инспекторлар "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге косқан үлесі үшін" медальдарымен марапатталды. 

Еске сала кетсек, 20 қыркүйек күні  Алматының "Ақбұлақ" ықшам ауданында 54 жастағы ер адам сот шешімін орындауға келген тәртіп сақшылары мен сот орындаушысына оқ атқан. Оқиға орнында бес адам: сот орындаушысы, екі полицей мен үйдің заңды иесі және оның досы қаза тапты. 

Күдікті ұсталды. Адам өлтіргені үшін оған 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілуі мүмкін. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу