Әлеуметтік желіде Алматыда табылған әйелдің мәйіті туралы ақпарат тарап жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлады полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу