Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттардың бір бөлігі суық судан уақытша ажыратылады, деп жазады inbusiness.kz "Алматы су" МКК Инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
"1 қарашада сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Абай даңғылы - Әуезов көшесі - Өтепов көшесі - Үлкен Алматы өзені, Розыбакиев көшесі - Абай даңғылы-Ислам Кәрімов көшесі - Шәкәрім көшесі аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су берілмейді", - деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу