Алматыдағы ауданның бірінде 33 аула алаңы ағымдағы жөндеуден өтті

247

Алмалы ауданының төрт ауласында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Алматыдағы ауданның бірінде 33 аула алаңы ағымдағы жөндеуден өтті Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қабанбай батыр көшесі, 137 ауласында ойын алаңдары мен заманауи тренажерлер орнатылды.

Қарағайлар мен бұталар отырғызылып, жаңа орындықтар қойылды, Қазыбек би көшесі, 85 мекенжайындағы аулада жарық жүйесі жөнделді.

Бұл үйде 30 жылдан астам уақыт тұрған аудан тұрғыны Гүлмира Дугашованың айтуынша, олардың ауласы өзгерді. "Қала орталығында тұрсақ та, аулада бос жер бар еді, жасыл желектер жетіспеді. Қазір әдемі көгал жасалып, жаңа тамаша ойын алаңы пайда болды. Негізі бұл ағымдағы жөндеу, бірақ меніңше, күрделі жөндеуге ұқсайды. Бұл үшін көп рахмет. Адамдар біздің аулаға таң қалады", - деді аудан тұрғыны Гүлмира.

  • Шагабутдинов көшесі, 171 мекенжайында балаларға арналған жаңа шағын сәулет нысандары орнатылды.
  • Биыл Алмалы ауданында 33 аула жөнделді. Қазір 11 мекенжайда жұмыс жүріп жатыр. Ағымдағы жөндеу барысында жыл соңына дейін 50 аула жаңартылады.

Әр ауланың реконструкциясы әртүрлі. Бастысы, тұрғындардың тілегіне басымдық беріледі. Мұның барлығы қала тұрғындарының бос уақытын жайлы өткізуі үшін жасалып отыр.

Алматы қаласында барлығы 3231 аула аумағы бар. Оның 380 ауласында жыл соңына дейін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу