Бұл туралы ауруханада жалғызбасты баланы көріп қалған Айдана Ауажарқызы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, бала жарты жылдан бері ауруханада жатыр. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Әуезов ауданының қорғаншылық органы болса жақын арада "Ат қою туралы" актіге қол қоятынын, содан кейін балаға туу туралы куәлік берілетінін айтты. Құжаттар берілгеннен кейін ол мамандандырылған балалар үйіне беріледі.
Ауруханадан табылған бала туралы полиция да ақпарат берді. Әуезов аудандық ПБ мәліметінше бала әкесімен бірге Сайын мен Райымбек көшелерінің қиылысынан 22 қыркүйекте табылған. Кейін баланы тексеру үшін ауруханаға орналастырған, әкесі құжаттары мен тұратын жер тауып келемін деп кеткеннен келмеген. Іздеу нәтижесіз.