Алдағы демалыс күндері, 4-5 қарашада Алматы қаласының төрт ауданында 10 дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оған Алматы облысының жақын маңдағы, оның ішінде Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады.
Жәрмеңкелерде 50-ден астам өнім түрлері ұсынылады, оның ішінде ет-сүт, жеміс-көкөніс, сүт, шұжық, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б. Жалпы өнім көлемі – 125 тоннадан астам.
Демалыс күндері жәрмеңкелер мына мекенжайларда өтеді:
- Гоголь - Масанчи көшесі (Алмалы ауданы);
- Қазақфильм шағын ауданы (Бостандық ауданы);
- Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесінің қиылысы (Әуезов ауданы);
- Меңдіқұлов көшесі, Бектұров көшесі, Шевченко көшесі, Қонаев көшесінің бұрышы (Медеу ауданы).
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері апта сайын сенбі және жексенбі күндері Алматы қаласында өтеді. 2023 жылдың басынан бері Алматы қаласында 420-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін демалыс күндері қосымша 90-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.