Алматыдағы автобус апаты: қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазба желіде тарады

230

Салдарынан бір адам қаза тапқан болатын.

Алматыдағы автобус апаты: қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазба желіде тарады Фото: osa_uka_vko

Алматыдағы апатқа ұшыраған автобустың камерасы түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желідегі парақшаларға жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оқиға Mega park ойын-сауық орталығының жанында, Мақатаев және Масаншы көшелерінің қиылысында болды. Қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазбадан Мақатаев көшесінің бойымен келе жатқан автобусқа жеңіл көліктің соғылғанын көруге болады.

Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы автобустың ішінде болған жолаушылардың 25-і зардап шеккенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу