Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды

837

 Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді.

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында былтыр желтоқсанда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатының ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот үкімі бойынша автобус жүргізушісін ұрған 32 жастағы Дархан Ахметжановқа абайсызда 2 немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан бұзақылық және көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзу (ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі, 351-бап 3-бөлігі) бойынша айып тағылды. 

Алматыдағы автобус апаты былтыр желтоқсан айында болған еді. Оқиға кезінде Дархан Ахметжанов автобусты рұқсат етілмеген жерде тоқтатуды талап етіп, жүргізушінің бас тартуынан кейін оның бетінен екі рет ұрған. Ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмау салдарынан автобус жол жиегінде тұрған адамдармен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, бір адам зардап шекті.

Сотталушының кінәсі заттай айғақтармен, сараптама қорытындысымен және бейнебақылау камерасындағы бейнематериалдармен дәлелденді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу