Алматы Полиция департаменті үш адамның өліміне әкеп соққан автобус апатының видеосын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Видеодан жол жиегінде адамдардың такси ұстап тұрғанын, арғы жағында бір топ адамның аялдамада автобус күтіп тұрғанын көреміз. Осы сәтте автобус бар жылдамдығымен келіп алдындағы көліктер мен микроавтобусты қағып барып аялдамадағы адамдарды басып өткенін көруге болады.
Алматы полиция департаменті мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. Апат салдарынан 3 адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу