Алматыдағы автобустың апатқа ұшырауына "5:32" сериалының продюсері себепкер болуы мүмкін

314

Қаза тапқан адам дүкеннен шығып келе жатқан.

Алматыдағы автобустың апатқа ұшырауына "5:32" сериалының продюсері себепкер болуы мүмкін Фото: inbusiness.kz / pikabu.ru

Алматыда Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік апатына 5:32" сериалының продюсері Анель Сартаева (Уалиева) себепкер болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Мұндай ақпарат БАҚ беттерінде пайда болды. CMN.KZ жазуынша, "Salem Social Media" медиа-компаниясының продюсері 28 жастағы Әнел Сартаева (Уалиева) KIA Sportage көлігін тізгіндеген.

Ол "5:32", "Эскорт", "1286" және басқа да танымал қазақ телехикаяларын түсірді.

Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты. Кейін қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазба желіде тарады.

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан адам дүкенен шығып келе жатқан.

Полиция департаменті жол апатына себепкер болған жеңіл көлік жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Рөлде әйел адам болғанын атап өтті.

Денсаулық сақтау басқармасының таратқан соңғы хабарламасында, автобус апатынан зардап шеккен жолаушылардың алтауы ауруханаға жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу