Алматыдағы автотұрақ басшылығының ісі сотқа жолданды

Олар 436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша айыпталған.  

Алматыдағы автотұрақ басшылығының ісі сотқа жолданды Фото: ИноСМИ

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz. 

"ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті 436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша "AlanParking" ЖШС директоры М.О.Базарбаевқа және "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры М.У. Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады", – деп хабарлады департаментте. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

"Қылмыстың негізгі сотталушы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуге жарияланды.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне "Алматы Спецтехпаркинг Сервис" ЖШС 70% үлесін және "AlanParking" ЖШС 100% үлесін  қайтару бойынша шаралар қабылдады", – деп жазылған хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу