ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздердің қай күні өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бұған дейін қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөз Алматы қаласында 10 мамырда өтеді", - деді А. Смадияров министрліктегі апталық брифингте.
Бұған дейін Қазақстан Әзербайжан мен Арменияға келіссөз алаңын ұсынғаны хабарланған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу