Алматыдағы "Байсат" базары сатылымға шығарылды

75

Базардың бастапқы құны – 28,6 млрд теңге.  

Алматыдағы "Байсат" базары сатылымға шығарылды Фото: Яндекс

Сауда E-Qazyna порталында 2025 жылғы 18 қараша күні өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Аукцион ашықтық пен әділ бәсекелестік қағидаттарына сәйкес өткізіледі. Активтерді сату "Қайтарылған активтерді басқару компаниясының" қызметі аясында жүзеге асырылады. Түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, қоғам игілігі үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады, – деп хабарлады Қайтарылған активтерді басқару компаниясы.

Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі "Байсат" базарының негізгі бөлігін мемлекетке өз еркімен тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу