Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршін аяусыз соққыға жығылды

2890

Тәрбиеші бұл уақытта балаларға түскі ас алып келу үшін шығып кеткен. 

Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршін аяусыз соққыға жығылды Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желілерде балабақшада бір топ бала бүлдіршінді жабылып ұрып жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің ұлымызды балалар аяусыз соққыға жыққан. Ұрып-соғу шамамен 5 минутқа созылды. Тәрбиеші жоқ, өз шаруасымен шығып кеткен. Баламыздың миы шайқалған, ауруханаға жаттық. Кішкентай балалардың да осындай қатыгез болғаны ма?", - деп жазады зардап шеккен баланың ата-анасы. 

Қалалық білім басқармасы жағдай "№51 бөбекжай-бақша" балабақшасында болғанын мәлім етті.

Алынған түсіндірме хатқа сәйкес, тәрбиеші бұл уақытта балаларға түскі ас алып келу үшін шығып кеткен. Сол себепті, балалардың тәртібін қадағалай алмаған.

"Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиеші қатаң сөгіс алды. Сонымен қатар балабақша меңгерушісіне де тәртіптік жаза қолданылды", - деп хабарлады Алматы қалалық білім басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу