Алматыдағы балалар ауруханасына 2 жасанды өкпе вентиляциясы аппараты берілді

1282

Аппараттар Қазақстандағы COVID-19 ауруымен күресуге көмек аясында табысталды.  

Алматыдағы балалар ауруханасына 2 жасанды өкпе вентиляциясы аппараты берілді

"АЯЛА" қайырымдылық қоры "Шеврон" компаниясының қаржылық қолдауымен Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жалпы сомасы 71,8 млн теңгені құрайтын Humming Vue – (жапондық) екі жаңа жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын берді.            

"Шеврон" компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Қошпанованың айтуынша, осы жабдық аурухананың дәрігерлеріне тезірек және тиімдірек көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

"Бүгінгі таңда ірі бизнес пен Қазақстанның үкіметі жаңа коронавирустың таралуын тоқтату және ауырғандарға жазылуға көмектесуге бар күшін салуда. Орнатылған ИВЛ аппараттарымен қоса дәрігерлер оны пайдалануды үйреніп, кепілді техникалық қолдауға ие болады. Біз жаңа ИВЛ аппараттары тек пандемия кезінде ғана емес, дағдылы жағдайда да балалардың өмірін сақтауға көмектеседі деп сенеміз. "Шеврон" компаниясының атынан мен барлық қазақстандықтарға зор денсаулық және осы күрделі кезеңнен аман-есен өтуге күш-қуат тілеймін", – деді Жанар Қошпанова.

Humming Vue ИВЛ аппараттары қысымды 13 микрон деңгейінде бақылауға көмектеседі, бұл балаларды баро-жарақаттау қаупін азайтып, респираторлық терапияның клиникалық тиімділігін арттырады.

Бұл аппараттар режимдерді ауыстырып қосу кезінде әртүрлі тыныс беру контурларын ажыратпай немесе ауыстырмай пациенттердің өкпесін желдетуге мүмкіндік береді, барлығын бір контурда іске асырып, ауыр гипоксия қаупінің артуына жол бермейді.

2019 жылы БҚКЖАА шамамен 100 мың жас пациентті қабылдады, оның төрттен бір бөлігі ауруханаға жатып шықты. Осы аурухананың жансақтау бөліміне былтыр шамамен 500 бала жатқызылды, олардың бестен бір бөлігі ИВЛ аппаратына қосылды. Жансақтау бөлімі пациенттерінің шамамен 60%-ы пневмония және 3-дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі диагноздарымен түскен.          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу