Алматыдағы барлық "жарылғыш зат қойылды" деген нысандар тексерілді

877

Эвакуацияға байланысты қаладан ұшатын 6 рейс кейінге шегерілді.

Алматыдағы барлық "жарылғыш зат қойылды" деген нысандар тексерілді

Алматы полициясы қаланың әуежайында, екі сауда үйінде және университетте тексеру аяқталғанын хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

"Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады", – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі өз кезегінде тексеру мен эвакуацияға байланысты қаладан ұшатын 6 рейс кейінге шегерілгенін атап өтті. Әуежайдың мәліметінше, жан-жақты тексеру нәтижесінде орнатылған бомба туралы бұрын алынған ақпарат расталмаған. Әуежай қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда.

Еске сала кетсек, бұған дейін желіде қаладағы 7 нысанға жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарап, аталған нысандардың келушілері эвокуацияланған еді.

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу