Алматыдағы "Барыс-4" базары мемлекет меншігіне қайтарылды

638

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Алматыдағы "Барыс-4" базары мемлекет меншігіне қайтарылды

Оңтүстік астанадағы "Барыс-4" базары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz Алматы сотына сілтеме жасап.

"Уәкілетті органның өкілі талап қою талаптарын мойындады. Ол объектіні жекешелендіру мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіре отырып, төмендетілген құн бойынша жүргізілгеніне келісті. Мәмілені жарамсыз деп тану үшін "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 112-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын бұзу, атап айтқанда сатып алушыға объектінің құнын төмендетуде көрсетілген заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру негіз болды. Сотта мемлекеттік мүлікті төмен құны бойынша сату фактілері расталды. Сот талапты қанағаттандырып, "Найза-БН" ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды", – деп жазылған сот хабарламасында.

Алматы прокурорлары осы жазда сатып алушының атына мәмілені бұзу және объектіні мемлекетке қайтару туралы талап-арыз берді. Сот хабарламасында айтылғандай, іс жүргізу барысында талап-арызда айтылған дәлелдер расталған.

Айта кету керек, базар капиталының үлесі оның нақты құнынан 5 есе төмен бағаға сатылған. Нысанның нарықтық құны 1,5 миллиард теңгеге болғанына қарамастан, ол небәрі 307 миллион теңгеге сатылып кеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу