Алматыдағы білім беру ұйымдарында 4 мың қызметкер вакцина алмаған

1237

Қалалық Білім басқармасының басшысы мегаполис мектептері дәстүрлі форматтағы оқуға дайын деп есептейді.  

Алматыдағы білім беру ұйымдарында 4 мың қызметкер вакцина алмаған

Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мұғалымдарді вакцинациялау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында 36 мың 845 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде әкімшілік қызметкерлер бар.

"32 мың 126 қызметкер 100% вакцина алды. Қалған 4 мың 719-ы медициналық қарсылығы бар қызметкерлер", – деді спикер. 

Қазіргі кезде қаладағы барлық білім беру ұйымдары "Ashyq" жобасына қосылған. Жүй сырқаттанған немесе отбасы мүшелері індет жұқтырған оқушыларды анықтайды. 

"Оқушы ауырған жағдайда сынып қашықтықтан оқытуға жіберіледі. Науқас немесе байланыста болған ата-аналардың балалары қашықтықтан білім алады. Бастауыш, орта және жоғары буын балалары үшін мектепке жеке кіру есіктері қамтамасыз етіледі, сондай-ақ ғимарат ішінде балалар фойе мен дәліздерде белгілері көрсетілген блоктар бойынша жүреді. Алматыдағы мектептер дәстүрлі форматтағы оқуға дайын", – деді ол.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу