Алматыдағы бизнес шығынын прокурорлар мен сарапшылар анықтайды

833

Сонымен қатар қалаға 10 экономист бөлінді. 

Алматыдағы бизнес шығынын прокурорлар мен сарапшылар анықтайды

Алматыға қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен ШОБ субъектілеріне келтірілген залал көлемін анықтау үшін 50 прокурор мен 88 сот-медициналық сарапшы тағайындалды.

Бұл туралы онлайн өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты, деп жазды inbusiness.kz.

"Біз бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлерге айғақтарды анықтау үшін полицияға хабарласып, қылмыс іздеріне тиіспеуді сұрадық. Палатаның бастамасымен 50 прокурор және 88 тергеуші, криминалистер және 30 сот-медициналық сарапшы, оның ішінде келтірілген шығынды есептеу үшін қалаға 10 экономист бөлінді", – деді Айтуар Қошмамбетов.

Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директорының айтуынша полиция зардап шеккен кәсіпкерлер "жәбірленуші" деп танылған қылмыстық істер бойынша сот-медициналық сараптама тағайындайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу