Алматыдағы Бостандық ауданының бюджеті екі есеге ұлғайды

Қаржыландыру әкімдіктерге жаңа функцияларды беру аясында ұлғайды.

Алматыдағы Бостандық ауданының бюджеті екі есеге ұлғайды Фото: almaty.tv

Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қаласының Бостандық ауданының бюджеті екі есеге – 7,96 млрд теңгеден 15,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл қызметкерлер санын 19 адамға көбейтуге мүмкіндік берді. 

Бюджеттің ұлғаюы аудан әкімдіктеріне 15 функцияны берудің  арқасында іске асты. 

"Орталықсыздандырудың басты мақсаты аудан әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігін одан әрі күшейту және оларға ауданның проблемаларын неғұрлым жедел және тиімді шешуге мүмкіндік беру болып табылатынын атап өткім келеді", - деді қала басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу