Алматыдағы ботаникалық бақ 26 тамызда жабылады

160

Алматыдағы Бас ботаникалық бақ жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді.

Алматыдағы ботаникалық бақ 26 тамызда жабылады Фото: inbusiness.kz

2025 жылғы 26 тамыз – санитарлық күн деп белгіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандардың айтуынша, айдың бірінші дүйсенбі күні – 1 қыркүйек демалыс болғандықтан, санитарлық күн 26 тамызға ауыстырылды.

– Сейсенбі, 26 тамызда Ботаникалық бақ келушілер үшін жабық болады, – деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.

Ал басқа күндері жұмыс кестесі өзгермейді.

– Ботаникалық бақ күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу