Алматыдағы ботаникалық бақ бір күнге жабылады

204

Алматыда ботаникалық бақ 6 қаңтар күні жұмыс істемейді.

Алматыдағы ботаникалық бақ бір күнге жабылады Фото: vlast.kz

Бұл туралы бақ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.                 

– Қала қонақтары мен тұрғындарына ботаникалық бақтың 6 қаңтарда жабылатынын хабарлаймыз. Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді, – делінген жазбада. 

Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.

– Ботаникалық бақ күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар 18:00-ге дейін ашық. Ондағы техникалық үзіліс 15:00-15:30 аралығында болады. Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге қалдырылуы мүмкін, – деп хабарлады Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу