Алматыдағы Бурундай тас жолы уақытша жабылады

365

Тас жолда жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектелмек.

Алматыдағы Бурундай тас жолы уақытша жабылады Фото: freepik

Алматыда су құбыры желілерін салуды аяқтау үшін 28 қазаннан 30 қазанға дейін Бұрындай тас жолында қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Алатау ауданында Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейін екі жаққа да көлік қозғалысы шектеледі. Асфальтбетон жабынын қалпына келтіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі. Осылайша, 3,8 шақырым су құбыры желілерін және 4,6 шақырым кәріз желілерін салу аяқталады. Бұл Алатау ауданының 2,5 мың тұрғынын қамтиды, олар үздіксіз орталық сумен жабдықтауға қосылады. Ал бұрын олар жеке компанияның қызметін пайдаланған",- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, биыл 20 нысан бойынша 108,4 км су құбыры және кәріз желілерін (81,1 км су құбыры және 27,3 км кәріз) салу жоспарланған, бұл халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 99,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу