Алматыдағы "Бұрындай" зираты маңында өрт шықты

1099

Шаһарда аптап ыстық салдарынан өрт жиі болып тұр.  

Алматыдағы "Бұрындай" зираты маңында өрт шықты

Алматыда құрғақ шөптердің өртену салдарынан Алатау ауданындағы зираттарға өрт қаупі төнді, хабарлады inbusiness.kz  қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сағат 12:30-да Алатау ауданы, Индустриалды аймақтағы зират маңында, алдын ала ақпарат бойынша 1,5 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Тілсіз жаумен күреске "Ермак" ранцті өрт сөндіру құралы мен "жарылғыштар" қолданылып, қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 14:28-де оқшауланды, 15:11-де толық сөндірілді", – деп жазылған ТЖД таратқан хабарламада. 

Жалпы бір күннің ішінде ТЖД мамандары бірнеше мәрте құрғақ шөптенің тұтануынан шыққан жалынды сөндірді. Мәселен, Медеу ауданында Ақмешіт көшесінде – 7 мың шаршы метр, Алатау ауданындағы Индустриялық аймақта – 1,5 гектар, Наурызбай ауданында Көктерек көшесінде – 1 мың шаршы метр.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу