Алматыдағы дауыл кезінде көшеде кептеліс болып, электр қуаты жаппай өшті

946

Ашық аспанды қара бұлт басты. 

Алматыдағы дауыл кезінде көшеде кептеліс болып, электр қуаты жаппай өшті Фото: Kazinform

Алматыда 28 наурызда дауыл соғып, артынша жаңбыр жауды. 

Дауыл бастала салысымен-ақ қалада көлік кептелісі пайда болды, 18.00 шамасында кептелістің деңгейі 10 баллға жетті.

Қатты жел мен жаңбырдың салдарынан жолдарда дым көрінбей қалған.

Желдің екпіні сонша күшті болғаны, кейбір ғимараттарда жер сілкінісі сияқты тербелістер сезілген.

Сондай-ақ сағат 18.00-ге таман қала бойынша электр қуатының өшіп жатқаны туралы хабарламалар түсе бастады.

Наурызбай ауданында (Ажар шағын ауданы, Тастыбұлақ ықшамауданы) электр қуаты жаппай өшіп қалды, мұнда жарық екі сағаттан соң қосылуы мүмкін. Сондай-ақ "Ремизовка" және "Бағанашыл" шағын аудандарында электр қуаты үш сағаттан қосылатыны хабарланды. "Тау Гигант" шағын ауданында екі сағаттан соң жарық қосылады.

Сондай-ақ Бостандық ауданы бойынша Тимирязев, Бұқар жырау, Жароков, әл-Фараби көшелерінің бойында да электр жарығы сөніп қалған. Бұл көшелерде жарық төрт сағаттан соң қосылады. Сонымен қатар Алмалы және Нұркент, Әйгерім-1 шағын аудандарында (Алатау ауданы) электр қуаты сөніп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу