2021 жылғы 14 ақпанда сағат 8:56-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары "Домиллион" сауда ойын-сауық орталығының екінші қабатында шыққан өртті сөндіруге жөнелтілді, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.
"Келген сәтте ғимараттың ішіндегі қоймалардан қатты түтін шығып жатқаны анықталды. Шұғыл өрт оқпандары беріліп, жедел штаб құрылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 09:46-да сөндірілді. 50 шаршы метрді шарпыған өрт сөндіру және түтінді жоюдың автоматты жүйесі дер кезінде іске қосылып, бұл өрттің таралуына жол берілмеді. Оқиға орнында 24 бірлік техника, жеке құрамнан және қаланың өзара іс-қимыл қызметінен 79 адам жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.