Абырой болғанда, оқиғадан соң өрт шықпаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желілерде Esentai City элиталық тұрғын үй кешенінде белгісіз жарылыс болғаны туралы ақпарат тарады.
– Алдын ала мәліметтер бойынша жарылысқа табиғи газдың тарауы себеп болуы мүмкін, – деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Алматы әкімдігі оқиға салдарынан 2 кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алғанын мәлім етті. Оларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Ауруханаға жатқызу қажет болмаған.
– Қазіргі уақытта жауапты қызметтер оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, – делінген әкімдік жауабында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу