Оқиға емхананың темекі шегетін бөлмесінде болған. Әйелге бұрынғы күйеуі шабуыл жасап, 10 мәрте пышақтаған.
"Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы (қылмысқа оқталу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеп жатыр", - делінген хабарламада.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу