4 қыркүйекке қараған түні Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінен қонақтар мен қызметкерлер эвакуацияланды. Оған жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қалалық полиция департаментіне 3 қыркүйек күні сағат 23:51-де хабарлама түскен.
"Қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметі дереу көрсетілген нысанға барды. Келушілер мен қонақүй қызметкерлері эвакуацияланды. Сапер бөлімшесі көпқабатты үйді екі сағатқа жуық тексерді. Нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Анонимді тұлғаның жеке басын анықтау, оны ұстауға және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.