Алматыдағы ең қымбат көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Жөндеу кезінде жол қозғалысы уақытша шектеледі.

Алматыдағы ең қымбат көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі Фото: 7kun.kz

Алматының жоғары жақ бөлігімен өтетін Әл-Фараби даңғылының Достық даңғылы-Асқаров көшесі орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы inbusiness.kz қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жөнделетін бөлікте көлік қозғалысы ішінара шектеледі.  Сонымен қатар даңғыл бойындағы Есентай өзені көпірінің бойында да реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Аяқталған соң мұнда жаяу жүргіншілерге арналған арнайы көпір пайда болады. 

Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша  Әл-Фараби даңғылы бұған дейін 2010 жылы, ал Абай даңғылы 2012 жылы жөнделген. Жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліа, нәтижесінде жол бойында шұңқыр, ойылған, жарылған, отырған жерлер анықталып, жолдың жағдайы туралы техникалық қорытынды жасалды. Техникалық қорытынды негізінде аталған учаскелерді орташа жөндеу жұмысы жоспарына қосылған. 

Сондай-ақ орташа жөндеу жұмыстары Абай даңғылының Достық даңғылы - Тілендиев көшесіне дейінгі бөлігінде де басталды. Жөндеу жұмыстары оқу жылының басына дейін аяқталмақ. 

Жөндеу кезіндегі көлік қозғалысы шектелген жағдайда басқарма алдын-ала БАҚ арқылы хабарлап отырмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу