Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал қандай

685

Мегаполисте Pfizer вакцинасын қабылдауға дайындық жүргізілуде.  

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал қандай

Алматы қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Кеңеске Алматы қаласында орналасқан қалалық және республикалық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты. Негізгі мәселелер COVID-19-бен күресуге және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты болды.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қазіргі эпидемиологиялық ахуал мен жұмыстың басым бағыттары туралы түсінік берді. 

Бүгінгі таңда қалада КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты, қала "сары аймақта". Дерттің төмендеуі ұжымдық иммунитеттің 55%-ы деңгейінде қалыптасуына, халықты вакциналаумен қамтудың өсуіне (бірінші компонентін 996 486 адам, 2 компонентін 930 мыңнан астам адам алды) байланысты. Қазір қала әкімдігі вакциналау қарқынын одан әрі арттыру үшін жұмыс істеуде. Бүгінде медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОО-да 137 егу пункті жұмыс істейді. Бұдан басқа, вакциналу пункттерінде вакцинаның тиімділігіне әсер ететін "суық" тізбек режимінің сақталуы қатаң бақыланады.

Сонымен қатар Pfizer вакцинасын қабылдауға дайындық жүргізілуде: мұздатқыш камераларды орнатуға арналған орындар әзір, логистика, вакцинаны сақтау алгоритмдері пысықталды, әр кезеңнің жауапты тұлғалары анықталды, медициналық персоналды оқыту жүргізілуде. Қалада инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шектеу шараларын сақтауды бақылау күшейтілген әрі жалғасуда.

Алматыда 40 мониторингтік топ жұмыс істейді, жыл басынан бері 44 мыңнан астам нысан тексерілді, карантин шараларын бұзған 4 297 нысан анықталды, карантинді жиі бұзатындарға қатысты сотқа 78 материал берілді.

Ералы Тоғжанов қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын – 24 қазаннан бастап мегаполис "сары" аймақта екенін, соңғы 2 аптада ауырудың 1,5 есеге, өлім-жітімнің 1,6 есеге төмендегенін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу