Алматыдағы ерекше жол таңбасының мәні түсіндірілді

342

Жол қозғалысына қатысушылардың барлығына ортақ қауіпсіздікті арттыру мақсатында салынған.  

Алматыдағы ерекше жол таңбасының мәні түсіндірілді Фото: kaz.inform.kz

Алматыда Қабанбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысында сызылған түрлі-түсті жол таңбасы қала тұрғындарының назарын аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көше жиегіне жақын орналасқан жол бөлігінің не үшін түрлі түске боялғаны әлеуметтік желіде қызу талқыланған. Қала тұрғындары оның мақсатына қатысты түрлі болжам айтқан.

Қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, бұл жол таңбасы қауіпсіздік аралының көрінуін арттыру үшін сызылған.

Түрлі түсті белгі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің назарын аударып, жолды бағдарлауға көмектеседі. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер өтетін жерге жақындағанда сақтық танытуға мүмкіндік береді.

Негізгі мақсат –  жол қозғалысына қатысушылардың барлығына ортақ қауіпсіздікті арттыру. Бұл таңба бұрыннан бар қауіпсіздік аралының шекарасында салынған. Жолдың жүру бөлігі тарылған жоқ, оның параметрлері мен өткізу қабілеті бұрынғыша қалды,  – деп хабарлады басқармадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу