Алматыдағы Есентай жағалауы өзгеріске енеді

​Сұр бетон қабырғалардың орнына қала туралы ән жолдары жазылған арт-нысан пайда болады.  

Алматыдағы Есентай жағалауы өзгеріске енеді Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі ресми сайтында жазды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Бұқар жырау көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі Есентай жағалауы жаңа кейіпке енеді.

Жоба аясында жағалау бойындағы бетон қабырғалар көркем композициямен безендіріледі. Оның негізіне Алматы туралы әннің жолдары алынған.

Ән мәтіні серуен бағыты бойына кезең-кезеңімен орналастырылады. Жағалаумен жүрген сайын композицияның жаңа бөлігі ашылып отырады. Арнайы QR-код арқылы әнді тыңдауға да болады.

Қабырғаларды безендіру үшін күн райына төзімді қасбет және граффити бояулары қолданылады.

Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу