Алматыдағы Forum сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды

126

Бұған белгісіз адамнан түскен жарылғыш зат туралы анонимді қоңырау себеп болды. 

Алматыдағы Forum сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды Фото: бейнежазбадан

Алматыда орналасқан Forum ойын-сауық орталығынан келушілер шұғыл түрде эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта нысан мұқият тексеріліп жатыр. Оқиға орнына полиция, саперлер мен төтенше жағдайлар қызметі шұғыл жеткен.

"Азаматтардан сабыр сақтап, дүрбелең туғызбауын сұраймыз. Тексеру аяқталған соң тиісті шешім қабылданады. Естеріңізге саламыз, терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат бергендер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу