Алматы әкімдігі жаңа Yutong автобустарының орнына Ресейден дизельмен жүретін автобус сатып алуда. Автобустар қазір қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды naryk.kz.
Алматы көшелеріне алғашқы партиямен евро-5 стандартына сай 20 автобус шықты. Желтоқсанға дейін тағы бірнеше автобус жеткізілмек. Алда тағы дизельмен жүретін жаңа 357 көлік алынбақ.
Әзірге байқалмағанымен, дизельді көліктердің бірнеше жылдан кейін көшені қара түтінге көміп, қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығаратыны анық.
Жалпы, әкімдіктің дизельге көшкендегі себебі бұл автобустардың газбен жүретін көлікке қарағанда 30% арзан болуында екен. Ендігі үміт тек еуро-5 бензинінде ғана.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу