Алматыдағы Glovo курьерлері наразылық шарасын ұйымдастырды

961

Олар қаладағы ең үлкен жолдардың бірін жауып тастамақ болған.  

Алматыдағы Glovo курьерлері наразылық шарасын ұйымдастырды

Курьерлер Алматыдағы компания кеңсесінің алдына жиналып, жұмыс жағдайына және еңбекақыға көңілдері толмайтынын айтып, наразылық шарасын ұйымдастырды, хабарлайды inbusiness.kz.

Біріншіден, курьерлер төлем шарттарына наразы. Сонымен қатар, олар белгіленген жеткізу тәртібін өзгертуді сұрады: егер курьер екі минут ішінде қозғалмаса, тапсырыс қайта тағайындалады. Бұл ретте олар, әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін (жанармай құю бекетіне апару, жанармай құю стансасында ұзақ уақыт күту және т.б.), бірақ бұл шарт бойынша жұмыс істеу арқылы олар өз кірістерінен қағылады екен. Сондай-ақ, наразы топ қолайсыз ауа-райында жұмыс істегені үшін бонус төлеуді сұрады. Бұған қоса олар компания басшылығынан қыста жұмыстан шығарылған 50 курьерді қайта алуды сұрады. Осы талаптарды талқылауға жиналған 50-ден астам курьер "Нұрлы Тау" бизнес орталығының алдына жиналған.

Компанияның баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді. Ұйымның Қазақстандағы бас менеджері Кәрім Богуспаев курьерлермен жұмыс істеу шарттарын, маршруттарды оңтайландыру, бонустар мен үстемақылар туралы талқылағанын жеткізді.

 "Бүгін біз курьерлермен кездесу өткіздік. Онда шамамен 50 адам болды. Біз бес көшбасшымен негізгі мәселелерді талқыладық. Біріншіден, төлемдерге және компанияның қалай жұмыс істейтініне назар аударған жөн деп санаймын. Біздің бүкіл әлемде бірыңғай бизнес жүйеміз бар. Курьерлер өз жұмыс кестесін өзі таңдауға құқылы. Бонустар жаңбыр жауған кезде төленеді. Яғни, ауа-райы бізге жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтінін түсінеміз. Төлемдерге келетін болсақ, компания оларды өзгертпеді. Әр курьерде таңдау бар, ол осы жағдайларда жұмыс істеуге немесе келмеуге құқылы. Компанияның бизнес-моделіне байланысты төлемдер көлемін ұлғайта алмаймыз", – деп атап өтті компания өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу