Алматыдағы индустриалды аймақта инновациялық техникалық колледжінің құрылысы басталады

Колледж аумағында 320 орындық студенттік жатақхана бой көтереді. 

Алматыдағы индустриалды аймақта инновациялық техникалық колледжінің құрылысы басталады Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы "Алматы -  индустриялық аймақ" ЖШС бас директоры Әлішер Сатыбалдиев Өңірлік коммуникациялар алаңындағы баспасөз мәслихатында айтып берді.

"Алматы қаласы әкімінің қолдауымен, индустриалды аймақтың аумағында инновациялық техникалық колледжінің құрылысы басталады. Ол 720 оқушы орнына есептелген, колледж аумағында 320 орындық студенттік жатақхана орналасатын болады. Колледж оқушылары индустриялық аймаққа қажет мамандықтарға бағытталған білім алады", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу