"Бірнеше апта бойы біз бірқатар жедел ақпаратты тексерумен айналыстық. Күдіктілердің қылмыстық әрекеті расталып, ресми түрде құжатталды. Біз "гашиш" есірткісін жедел сатып алғаннан кейін, элиталық мейрамханалардың бірінің аспазы 1973 жылы туған М.есімді азамат жұмыс орнында ұсталды. Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында екі сіріңке қорапшасынан және сығымдалған гашиш салынған дөңгелек бумадан есірткі заты табылды. Тағы бір жағдайда, аспаз-әйел есірткі сатумен айналысқан. Алматы облысының Қарасай ауданында 1980 жылы туған Д.есімді азаматшаның тұрғылықты жерінен ұнтақ заты бар пакет табылды, оның шынайы құрамы сот-химиялық сараптамамен анықталады", - деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Сағындық Аяғанов.
Екі дерек бойынша да ҚР ҚК-нің 297 бабы 1 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.