Алматыдағы ірі сауда орталықтарының бірінен адамдар эвакуацияланды

180

Сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын хабарлама түскен. 

Алматыдағы ірі сауда орталықтарының бірінен адамдар эвакуацияланды Фото: telegram/Almaty Today

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ақпарат түскеннен кейін қаланың барлық жедел-қызметтік бөлімшелерінің жұмысы шұғыл түрде ұйымдастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар мен қызметкерлер эвакуацияланған. Қазір ғимаратқа арнайы мамандар тарапынан комиссиялық тексеру жүргізіліп жатыр.

"Полиция қызметкерлері жалған хабарлама жасаған тұлғаны анықтауға кірісті. Ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Полиция тұрғындардан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, құқық қорғау органдары мен шұғыл қызмет қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауды, сондай-ақ жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы барлық нұсқауды орындауды сұрайды", – деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу