Алматыдағы Қайрат Боранбаевтың бұрынғы сауда орталығы балалар мұражайына айналмақ

272

Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясында Алматы әкімі Ерболат Досаев хабарлады.

Алматыдағы Қайрат Боранбаевтың бұрынғы сауда орталығы балалар мұражайына айналмақ Фото: Яндекс

Алматы әкімдігінің алдында орналасқан “Алмалы” сауда орталығында енді балаларға арналған Ғылым музейі құрылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шаһар басшысының айтуынша, тиісті жұмыстар 2025 жылы басталады. Оған қала бюджетінен 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

"Мемлекет басшысының қолдауын ескере отырып, 2025 жылдан бастап Алматыда бұрынғы "Алмалы" сауда орталығының базасында Science Museum Singapore-мен бірлесіп балаларға арналған ТМД-дағы алғашқы Ғылым музейін құру жұмыстары басталады. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 12,2 млрд. теңге бөлу жоспарланған", – деді Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу