Алматыдағы "Каменское плато" шағын аудан тұрғындарын сумен қамтамасыз етудің көпжылдық проблемасы 2023 жылдың соңына дейін шешіледі

382

Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Алматыдағы "Каменское плато" шағын аудан тұрғындарын сумен қамтамасыз етудің көпжылдық проблемасы 2023 жылдың соңына дейін шешіледі Фото: Алматы қаласының әкімдігі

2023 жылы Алматыда 231 км сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау желілері салынып, жаңғыртылды. 13 кәріз сорғы станциясы салынды. Екі қазандықты реконструкциялау арқасында "Южная" қазандығының қуаты 1,5 есеге және "Премьера" қазандығының қуаты 2 есеге ұлғайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі – қала тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтерге қолжетімді ету. Жүргізілген жұмыстардың арқасында 2023 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуы 2022 жылғы 55,7%-дан 54,3%-ға дейін төмендеді", - деп атап өтті ол.

Алматы әкімінің айтуынша, биылғы жазда аптап ыстықтан Медеу ауданының жоғарғы бөлігінде сумен қамтамасыз ету бойынша елеулі проблемалар анықталды. Шілде айында Медеу ауданында су тапшылығы тәулігіне 20 мың м3 құрады.

"Су тапшылығын жою үшін қуаты тәулігіне 32 мың м3 болатын сумен жабдықтаудың резервтік сызбасы жасалып, 2024 жылдың маусым айында аяқталады. Судың негізгі көздері – Талғардағы жер асты сулары. Сорғы станцияларының қуатын 60%-ға арттыра отырып, 6 жаңа скважина жасалды. Ал 2023 жылдың соңына дейін "Каменское плато" шағын ауданының тұрғындарын сумен жабдықтаудың көпжылдық мәселесі 7 су қоймасын, оның ішінде 6,9 мың м3-ке 5 резервуар салу арқылы шешілетін болады", - деді Ерболат Досаев.

Фото авторы: Алматы қаласының әкімдігі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу