Алматыдағы Қарғалы су жинағышының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, деп жазады inbusiness.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, Наурызбай ауданында су мәселесі 2025 жылға қарай толық шешімін табады.
"Қалалық сумен жабдықтау нысандарын 2025 жылы іске қосу Наурызбай ауданындағы тағы 5 елді мекенде – Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы, Таусамалы және Шұғыл шағын аудандарында және Жаңа-тұрмыс пен Қырғауылды секілді Алматы облысының 2 ауылында ауыз су тапшылығын жояды. Шамамен 100 мың адам сумен қамтылады", - деді мегаполистегі энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаев.
Мәселен, Ақжар шағын ауданында көп жылдан бері су сәуірден бастап қазан айына дейін болмайтын. Бүгінгі таңда шағын ауданда жаңа су құбыры және сорғы станциясы іске қосылды.