Алматыдағы Қажымұқан көшесі жөндеуден кейін қайта ашылды

Биыл Алматы қаласы бойынша жылу желілерінің 59,2%-ға тозған, 2023 жылы жүргізіліп жатқан шаралар оны 0,6%-ға азайтуға мүмкіндік береді. 

Алматыдағы Қажымұқан көшесі жөндеуден кейін қайта ашылды Фото: kn.kz

Алматының Медеу ауданындағы Қажымұқан көшесіндегі көлік қозғалысы жылу желілерін реконструкциялау бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін қайта ашылды.

"Жөндеу жұмыстары барысында асфальт төселіп, жылу камераларына 17 люк орнатылды", - деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Естеріңізге сала кетейік, жылу желілерін қайта құру жұмыстары 12 маусымнан бастап "НСП-2 ЮРКК" сорғы станциясынан Қажымұқан көшесінің бойында Достық даңғылына дейін жүргізілді. Желілер жаңа құбырға ауыстырылды. Бұл жылу трассасы 1978 жылы пайдалануға берілді және өзінің нормативтік мерзімінде – 25 жылдан астам жұмыс істеді.

Реконструкция кезінде диаметрі 400 - 600 мм 617 метр құбыр ауыстырылды, оны 40 жылға дейін пайдалануға болады. Жүргізіліп жатқан жұмыстар қолданыстағы қалалық жылу магистралінің жұмысын жақсартуға, сонымен қатар, қысқы кезеңде штаттан тыс жағдайдың қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Реконструкция арқылы жинақталған үнемдеу жылына 913,72 Гкал , бұл жыл сайынғы зақымдануды 10 есе азайтуы мүмкін.

Бұған қоса, реконструкция тұрғындарды жоғарыда аталған көшелердің аумағында орналасқан 86 көппәтерлі үйді, 4 балабақшаны, 14 денсаулық сақтау нысанын және 15 басқа да әлеуметтік нысанды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Биыл Алматы қаласы бойынша жылу желілерінің 59,2%-ға тозған, 2023 жылы жүргізіліп жатқан шаралар оны 0,6%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Жүргізілетін жұмыстардың мерзімі жоба бойынша бастапқыда 2023 жылғы 12 маусымнан 12 қазанға дейін белгіленді және "Мемсараптама" РМК қорытындысымен бекітілді.

Сонымен қатар, Есқараев көшесіндегі жұмыстар жалғасуда. Аталған учаскедегі реконструкциялау жобасы екі жылға 2023-2024 жылдарға есептелген. Осы учаскеде жүргізіліп жатқан жұмыстар қазіргі жылыту маусымында тұтынушыларды жылумен жабдықтауға әсер етпейді және келесі жылы жұмыс көлемін қысқарту үшін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу