Алматыдағы кейбір сайлау учаскелерінде ұзын-сонар кезек

465

Алматыдағы №433, 429, 522, 385 сайлау учаскесінде дауыс беруге келгендердің кезегі қалыптасты. Қала тұрғындары кабиналардың босауын күтіп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматыдағы кейбір сайлау учаскелерінде ұзын-сонар кезек Фото: egemen.kz

Алматы қаласы бойынша ҚР Президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығы алаңында сайлауды қоғамдық бақылаушылардың қатысуымен брифинг өтіп жатыр.

Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Бақылаушылар мектебінің тренері Бекнұр Қисықов сайлауға қатысты пікірін білдірді.

Оның айтуынша, сайлау күні шын мәнінде мерекелік күн, дауыс берушілердің алғашқы легі сайлау учаскелері ашыла сала, таңғы 7-ден келген.

"Әлі де дауыс бере қоймаған алматылықтарды өз құқықтарын толық қолдануға шақырамыз. Алматы тұрғындарының 17 %-ы дауыс берді. Кешке дейін бұл көрсеткіш көбейеді деп ойлаймын. Жалпы сайлау барысы қалыпты өтіп жатыр", - деді бақылаушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу