Алматыдағы "Кеңсай" интернетпен қамтылады

666

Кеңсай шағын ауданында ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту мәселесі бірнеше рет Алматы әкімінен сұралды.    

Алматыдағы "Кеңсай" интернетпен қамтылады Фото: almaty tv

Бүгін мегаполистегі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу өткізген Ерболат Досаев бұл мәселені шешу жолдарын ұсынды, деп жазады inbusiness.kz Алматы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ерболат Досаевтың айтуынша бүгінгі таңда "Кселл" ұялы байланыс операторының 2 базалық станциясы күшейтілді. Сонымен қатар, "Beeline" және "Tele2" компаниялары жыл соңына дейін 2 станция орнатады. "Меганет" компаниясы талшықты-оптикалық байланыс желісінің кабельдерін тартып жатыр. Оны 2023 жылдың IV-ші тоқсанында аяқтайды. Мұзтау шағын ауданында байланыс сапасын жақсарту бойынша осындай жұмыстар қолға алынған

"Жыл соңына дейін аудан аумағында барлығы 355 камера орнатылады, оның ішінде тұрғындардың өтініші бойынша Кеңсай шағын ауданы мен "БХБ" және "Барвиха" барларының жанында камералар орнатылды. Жолдардың бойы мен көше қиылыстарында 123 "Сергек" камерасы бар. Қосымша тағы 58 камера орнатылады, бұл жұмыстар 2023 жылдың ІІ-ші тоқсанында аяқталады", - деді Ерболат Досаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу