Алматыдағы қисайған үйдің тұрғындары уақытша көшіріледі

1248

  9 қабатты тұрғын үйдің қисайғаны 10 желтоқсанда белгілі болды.

 Алматыдағы қисайған үйдің тұрғындары уақытша көшіріледі

"Зерделі-6" ықшамауданындағы көпқабатты үйдің 72 пәтерінің тұрғындары бір жағына қарай қисайған үйдегі жағдай шешілгенге дейін уақытша көшіріледі, деп хабарлады әкімдіктің ресми өкілі Әсет Мұқажанов.
"Тұрғындардың қоныс аудару туралы өтінішіне жауап берген Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әкімдік бұл мәселені шешуге дайын екеніне сендірді. Тиісті қаулыға қол қойылды. Алатау ауданындағы "Зерделi-6" ықшамауданындағы 179 үйдің 72 пәтерінің тұрғындары жағдай толық шешілгенге дейін пәтер жалдауға қаражат алады", - деп жазды әкімдік өкілі әлеуметтік желілердегі парақшасында.         

"Алматы қаласының прокуратурасы болып жатқан оқиғаларға жауаптылықты анықтау мақсатында Алатау ауданының "Зерделi-6" ықшамауданының 179 үйiн салғандар мен сарапшылардың қорытындысын жасағандарға қарсы сотқа дейiнгi iс жүргiзудi бастайды. Бұл туралы Алматы қаласының әкiмi Бақытжан Сағынтаев үй тұрғындарымен кездесуде айтты", - деді әкімдіктің өкілі.

Сондай-ақ, оның ақпараты бойынша, "Зерделі-6" ықшамауданындағы барлық үй тексеріледі.

9 қабатты тұрғын үйдің қисайғаны 10 желтоқсанда белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу