Алматыдағы қоймалар өртеніп жатыр

730

Алматыдағы қоймалар өртеніп жатыр

 

Дәл осы сағаттарда Алматының төменгі жағында қоймалар өртеніп жатыр. Қызыл жалын шамамен 3 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Қоймадан шыққан қара түтінді қаланың барлық жерінен көруге болады.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы алғашқы хабар таңғы 6:03-те келіп түскен.

Өртті 75 өрт сөндіруші мен 20 техника сөндіріп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, өртті сөндіруге тікұшақ жіберу туралы шешім қабылданған. Әзірге, тілсіз жаудың неден тұтанғаны, сондай-ақ қоймаларда не сақталғаны туралы ақпарат жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу