Алматыдағы "Көк базар" бір айға жабылды

1123

Санитарлық талаптар сақталмағаны үшін 1 млн 722 мың теңге айыппұл салынды.

Алматыдағы "Көк базар" бір айға жабылды

Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Қалада коронавирус жұқтырғандар саны індет ошақтарын анықтау нәтижесінде артуда. Оған мысал ретінде ерікті түрде екі аптаға жабылған "Рахат" фабрикасын айтуға болады. Одан кейін сот шешімімен бір айға жабылған "Көк базарды" мысалға келтірейін. Мұнда әкімдіктің мониторингтік сапары барысында айтылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмағаны үшін 1 млн 722 мың теңге айыппұл салынды", – деді ол.

Құралай Құдайберген

Фото: forum.zoo.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу