2,1 миллионнан астам адам тұрғыны бар Алматыда 550 мыңнан астам көлік тіркелген. Сонымен қатар сырттан келетін және кететін көліктердің тәуліктік ағыны 250 мың және одан да көп, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қарбалас уақытта біз негізгі магистральдық көшелерді қолмен басқаруға ауыстырамыз, қызметкерлерге қосымша оқыту жүргіземіз, басқа көліктердің өтуін шектейтін және тарылтатын көлік құралдарын өздігінен тұраққа қойып кететін орындарында алдын алу шараларын жүргіземіз. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын, жол-көлік жарақаттары мен адам өлімін азайту мақсатында күн сайын жол-көлік оқиғаларына талдау жүргіземіз, соның негізінде қауіпті аймақтар патрульдеу арқылы күшейтіледі, қалалық мобильділік басқармасымен бірлесіп, жол инфрақұрылымы жетілдіріліп жатыр", – деді Арыстанғани Заппаров.
2022 жылы Алматы жолдарында 1 млн 348 мың 981 ЖҚЕ бұзу анықталды. Сот үкімімен 3630 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды. 2610 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.
Қауіпті жүргізушілерді анықтаудың тиімді құралы – “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” жүйесі. Ол жалған нөмірлі көліктерді, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді, қылмыстық көліктерді, айыппұл төлемейтіндерді және тағы басқаларды автоматты түрде анықтайды.